18+

Биыл облыста 6 бастауыш мектеп жабылды

Биыл облыста 8 мың бала бірінші сыныпқа барады. Ал, жаңа оқу жылында 472 мектеп жұмыс істемек. Онда 75 мыңнан астам бала білім алатын болады. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 2,5 мыңға көп, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова жаңа оқу жылындағы жаңалықтарды айтты. Мектеп табалдырығын алғаш рет 8 мың бала аттамақ. Оның 4 мыңнан астамы облыс орталығындағы білім ошақтарына барады. Кейібір ауылдарда бала саны аз болғасын мектептер жабылыпты.

-Алдында айтқанымдай, облыста 361 шағын жинақты мектеп бар. Бүгінгі күні 6 бастауыш мектеп жабылды. Ол Ақжар ауданында – 1 мектеп, Аққайың ауданында – 1, Есіл ауданында – 1, Жамбыл ауданында – 2, Қызылжар ауданында - 1 мектеп. Онда 1-4 сыныптарда 4 оқушыдан оқыды- деді Гүлмира Кәрімова.

Биыл да оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылатын болады. 1 қыркүйектен  бастап 298 елдімекеннен 2 074 баланы тасымалдау жоспарлануда. Оның ішінде күн сайын 1261 оқушы, апта сайын 813 оқушы қатынасатын болады. Биыл мектептерде тамақтану режимі тамақтану залының 30% толуымен ұйымдастырылады. Білім басқармасы басшының айтуынша, буфет өнімдері жеке қаптамаларда сатылатын болады. Әрбір тамақтан кейін ылғалды тазалау және желдету жүргізілуі тиіс. 

Тағы да оқыңыздар: Пандемия басталғалы КВИ-ден 107 солтүстікқазақстандық көз жұмды

Обзор казахской прессы
17:34, 22 декабря