1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары «Цифрлық сауаттылық» және «Әліппе-Букварь» атты жаңа пәндерді де оқитын болады, деп хабаралайды 7152.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте СҚО білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова айтты. 6-сынып оқушылары үшін мұғалімдер мен материалдық базасы бар мектептерде «Музыка» пәні аясында «Домбыра» курсы ұсынылады.
- 5-11 сынып оқушылары үшін «Парасаттылық», «Экология», «Сыни ойлау және эмоциялық интеллект», «Медиасауаттылық», «Зайырлылық және дінтану негіздері», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқушылардың таңдауы бойынша жаңа курстар енгізіледі,- деді білім басқармасының жетекшісі.
Тағы да оқыңыздар: Биыл облыста 6 бастауыш мектеп жабылды