18+

Петропавлдық апалы-сіңлілер ШҚО-да есірткі саудасымен айналысқан

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша арнайы операция барысында,  Петропавл қаласының екі тумасын ұстады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісіYK-news.kz сілтеме  жасап.

Ұсталған екі келіншек апалы-сіңлілер. Әйелдердің бірі 8 және 6 жастағы екі баланы тәрбиелеп отыр. Маусым айында олар  Өскеменге келіп, заңсыз бизнесті жүзеге асыра бастаған. 

-Олар жалдамалы пәтерлерде тұрып, психотроптық заттарды («Скорость» және «меф») «Телеграм» мессенджері арқылы таратқан, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Тінту кезінде келіншектерден 700 грамм синтетика тәркіленді. Бұл құны 11 миллион теңгеден асатын 2000-нан астам  доза.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар:Денсаулық сақтау министрлігі күздегі эпидахуалдың жаңа болжамын жариялады

Обзор казахской прессы
17:34, Вчера