18+

Жұма намазы мешіт ауласында оқылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ертең, 27 тамыз жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

- Еліміздің қай өңірлерінде 27 тамыз күні жұма намазы қай өңірлерде оқылатыны жөнінде жамағатты құлағдар етуді жөн санап отырмыз. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді. Сондай-ақ, елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес, – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Осы орайда ҚМДБ ертең, 27 тамыздағы жұма намазы қай қалаларда оқылатыны жайлы мәлімет берді. Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды

Алматы қаласы – оқылмайды

Шымкент қаласы – оқылмайды

Алматы өңірі – мешіт ауласында оқылады

Шығыс Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады

Қарағанды облысы – оқылмайды

Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады

Солтүстік Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады

Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады

Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады

Батыс Қазақстан облысы – оқылады

Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады

Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады

Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады

Семей өңірі – мешіт ауласында оқылады

Талдықорған өңірі – мешіт ауласында оқылады

Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады

Жамбыл облысы – оқылмайды

Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.

Сонымен қатар, діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұрайды.

Тағы да оқыңыздар:Мектептерде оқу штаттық режимде болады