Балабақшалар да штаттық режимде жұмыс істейтін болды.Бұл туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Арман Күшбасов брифингте айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
28-ші тамызда күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, балабақшалар да толық жұмыс істейтін болады. Яғни кезекші топтар болмайды, мектепке дейінгі мекемелер санитарлық нормаларды сақтай отырып қалыпты жұмыс істейтін болады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие процесі санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Бұл барлық қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің күнделікті «кіру» сүзгісі, термометрия, санитайзерлер, ылғалды жинау, жиһаздың үстін, қабырғаларды дезинфекциялау, тұтқаларды, таяныштарды, өңдеу, педагог пен персоналға арналған маскалық режим, сондай-ақ «Ashyq» қосымшасын пайдалану.
Балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) балабақшаға кіруге болмайды.
Тағы да оқыңыздар: Жұма намазы мешіт ауласында оқылады