18+

Коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 130-ға жетті

Соңғы екі аптада Солтүстік Қазақстанда коронавирус ауруының 2177 жағдайы тіркелді, өсім 5 аудан мен облыс орталығында байқалады. Ал вакцинация қарқыны керісінше төмендеген,  деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов облыстағы эпидемиологиялық жағдайға арналған онлайн-брифинг барысында өңірде коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайды «өте күрделі» деп атады. Инфекциялық стационарларда COVID-19-бен ауыратын 707 науқас жатыр.

- Оның 112-сінің жағдайы ауыр:75-і реанимация бөлімшесінде, 37-сі интенсивті терапия палаталарында жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағаланған 16 науқас бар. Бұдан басқа, 396 пациент оттекті қолдауды қажет етеді. Бұл дегеніміз, КВИ-мен ауыратын 707 науқастың 508-і ауыр науқас, яғни 71,8%. Сондай - ақ, бүгінгі таңда СҚО-да коронавирустан 130 науқас қайтыс болды, оның 87-сі осы жылдың 15 шілдесінен бастап 1,5 айдың ішінде көз жұмды. Ал індет басталғалы бір жарым жыл ішінде бізде 43 адам көз жұмған еді,- деп атап өтті спикер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары вакцинаның екінші компонентімен егілген 190 836 адамның 931-і немесе 0,48% - ы коронавирус жұқтырғанын атап өтті. Негізгі бөлігі - симптомсыз ауырып жатыр. 

- Адамдар егер вакцинацияланған болса, сіз масканы алып тастай аласыз, қашықтықты сақтамаңыз және әртүрлі шараларға қатыса аласыз деп санайды. КВИ вакцинациясы инфекцияның ықтималдығы жоқ дегенді білдірмейді. Барлық карантиндік шектеулер, егер олар толық сақталса, жұмыс істейтінін атап өтемін. Сондықтан вакцинацияланған азаматтар да санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс, - деді Айманов.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстанда covid-19-ға қарсы екі вакцина бар: «Sputnik V» және «Vero Cell», ал жақын арада отандық «QazVac» препараты жеткізіледі.

Тағы да оқыңыздар: Балабақшалар қалыпты жұмыс режиміне көшетін болды

Детский сад
17:31, 30 декабря 2024 г.
Награда
10:59, 30 декабря 2024 г.
Спорт
12:50, 28 декабря 2024 г.