Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйектің алғашқы күндерінде үсік жүреді, деп хабарлайды7152.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, ауа температурасы Арктика аудандарынан суық антициклонның келуінен төмендейді. 1-і және 2-ші қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында минус екі градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
-31 тамыз күні күндіз облыс бойынша жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың оңтүстік-шығысында 11 градус жылы болады. Облыстың солтүстігі мен батысында үсік жүреді. Күндіз термометр 14-19 градус болады. Антициклон шығыс бағытта жылжып, елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында күн салқындайды, - дейді синоптиктер.
Тағы да оқыңыздар:30 тамыз - ҚР Конституция күні