Өткен тәулікте облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың 72 жағдайы тіркелді. Жалпы облыс бойынша осы күнге дейін 23584 тұрғын вирус жұқтырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Қазір жұқпалы аурулар ауруханасы 30 пайызға жүктелген. Бұл жерде 523 адам ем алып жатыр,61 науқастың жағдайы ауыр. Соңғы тәулікте 2 адам COVID-19-дан көз жұмды. Коронавирус басталғалы жалпы 189 жерлесіміз ауырып, қайтыс болды.
Жалпы елдегі эпидахуалға келер болсақ, өткен тәулікте 3081 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Осылайша республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 854 742-ге жетіп отыр.
Тағы да оқыңыздар:Заңсыз айналымнан 2 келі гашиш алынды