18+

Алимент төлеуден жалтарған азамат Әзірбайжаннан табылды

Әзірбайжан азаматы туған баласын тастап, алименттен жалтарған. Ол 2019 жылдан  мемлекетаралық іздестіруде болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО ПД көші-қон қызметі мамандарының іздеу салынған азамат  РФ аумағында екендігі туралы мәліметтер расталмаған. Кейін ол туған жері, Әзірбайжанға кетті деген ақпарат шығады. Әзірбайжан Республикасының Ішкі істер органдарымен байланысып, Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері оның орналасқан жерін анықтайды. Жауапсыз әкеге қатысты жиналған материал жеке сот орындаушыларына берілді.

- Іздестіру ісі борышкерлерді іздестіру науқаны кезінде жабылды, - деп хабарлайды СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. - Акция облыста 15-17 қыркүйек аралығында өткізіледі. 2 күн ішінде іздеуде жүрген 15 адам анықталды, оның ішінде 2 туыстық байланысын жоғалтқан, 3 борышкер және 10 алимент төлемеген адам анықталды. Акция басталған кезде іс жүргізуде барлығы 80 іздестіру ісі болды. Оның ішінде 28 борышкер, 31 алимент төлемеуші және туыстық байланыстарын жоғалтқан 21 адам. Оларды анықтау  бойынша жұмыс полицияның барлық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда жүргізіледі.

Тағы да оқыңыздар: СҚО-ға «Ел үшін егілемін» коронавируспен күрес жөніндегі азаматтық штаб мүшелері келді

Зимняя школа
15:52, 13 января