ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша медициналық мекемелерде дыбыстық, бейне жазба жүргізугіе қойылған шектеу алынды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. «Бас санитар дәрігердің № 38 қаулысындағы 3-тармақты 2) тармақшасы алып тасталсын», - деп жазылған жаңа қаулыда. Аталмыш №38 қаулыда медициналық мекемелерде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынатыны айтылған болатын.
-Денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде пациенттер мен медицина қызметкерлерінің келісуінсіз оларға аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге шектеу салынсын, - деп жазылған қаулы мәтінінде.
Тағы да оқыңыздар: Қазақстан білім беру сапасы бойынша Қытай мен Малайзиядан озды