Петропавлға гастрольдік сапармен Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театры келді. Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 5-і солтүстікқазақстандық көрермен назарына «Қара», «Жаужүрек», «Қоштасқым келмейді», «Сыған серенадасы», «Бес бойдаққа бір той», «Жуз жылдық махаббат» атты бірнеше қойылымды ұсынбақ, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық академиялық драма театрының Дулыға Ақмолда, Назгүл Қарабалина, Асылбек Боранбай, Күнсұлу Шаяхметова, Жалғас Толғанбай сынды белді актерлері араға 20 жыл салып киелі Қызылжарға келді. Майталмандар бұл жолы өнер сүйер қауымға драматург Дулат Исабековтың сөз зергері Мағжан атамыз туралы жазылған «Жүз жылдық махаббат» пьессасы, халқымыздың бас ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» негізге алынған 6 түрлі спектакль ұсынбақ.
Өнер ұжымында бүгінгі таңда 100-ден астам актер еңбектенеді. Репертуарда 60-қа жуық түрлі жанрдағы қойылым бар. Ғасырлықтарихы бар,қазақтың қара шаңырағына айналған өнер ордасы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен былтырдан бастап ұлттық театрға айналды.
Тағы да оқыңыздар:Қызыл кітапқа енген аққуды атқан ауыл азаматы ұсталды