18+

Матрица: СҚО қайтадан «қызыл» аймаққа өтті

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

Өткен тәулікте облыста КВИ жұқтырудың 67 жаңа жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 587 адам ем алып жатыр. 47 науқастың жағдайы ауыр. Бір күнде коронавирустан 2 жерлесіміз көз жұмды. Пандемия басталғалы жалпы 208 солтүстікқазақстандық қайтыс болды.

Тағы да оқыңыздар: Медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

Преследование
16:28, 14 января