«Қазақстан темір жолы» АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты, деп хабрлайды 7152.kz тілшісі.
Әзірге мұндай вагондар тек екі – Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау пойыздарында ғана бар. Пилоттық жоба 10 қазанда басталды.
-Енді жолаушыларға пойыз таңдау құқығы беріледі: кәдімгі вагон немесе жеке әйелдер вагоны. Вагондардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ, жол ақысы да бірдей. Тек кассадан және онлайн билет сатып алу шарттары ғана өзгеше,- делінген ҚТЖ хабарламасында.
Әйел жолаушылар тарапынан бұл қызметке сұраныс болған жағдайда, маршруттар ауқымы кеңейтілмек.
Тағы да оқыңыздар: Өткен тәулікте облыста КВИ-ден 8 адам көз жұмды