Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қоры жаңа 300-ге жуық түрлі жанрдағы шығармалармен толықты. Қазір ктіапханада 700 мыңнан астам түрлі кітап бар, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Олардың қатарында Рухани Жаңғыру және 100 жаңа кітап бағдарламалары аясында келіп түскен әдебиеттер бар. Мұнымен қоса, жасөспірімдерге арналған комикстер, кішкентай оқырмандарға арналған қиял-ғажайып ертегілер, психология мен медицина салаларын қамтитын оқулықтар келді.
-Оқырмандарымыздан Марвелдің «Өрмекші адам», «Бәтмен» сынды комикстеріне сұраныс үлкен. Сол себепті, осы жолы кітапханамызға ондаған жаңа комикс келді. Мұнымен қоса, жақында кино болып шыққан 1965ші жылдан бері басылып келе жатқан«Дюна» кітабының 6 бірдей томы келді. Бұдан бөлек, менеджмент, экономика, экология мен психология жанрларындағы әдебиеттер келіп түсті,- дейді кіиапхананың қызметкері Елена Скакунова.
Тағы да оқыңыздар: «Альфа-PvP» синтетикалық есірткісін саудалаған бойжеткен ұсталды