• Главная
  • Биыл Солтүстік Қазақстанда қоныс аударушылар үшін 800 үй салынады
Қоныс аударушылар
16:11, 7 июля 2020 г.

Биыл Солтүстік Қазақстанда қоныс аударушылар үшін 800 үй салынады

Қоныс аударушылар
Фото предоставлено пресс-службой акимата

Фото предоставлено пресс-службой акимата

Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударушыларға жалдамалы баспана мен жұмысты қамтамасыз етілмек деп хабарлайды 7152.kz.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, көшіп келушілерге жаңа үйлер салуда. Мұндай жоба елімізде тек бізде ғана жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда біздің облысқа дәрігерлер, мұғалімдер, механизаторлар, жүргізушілер, және тракторшылар керек. Қоныс аударушыларға біздің өңірде жеке кәсіп ашуға да рұқсатын берген.

Біздің өңірге көшіп келушілерге үй салып барынша көмек беру тізімін айтып шықты.

- Былтыр облыста ауылдарда 428 үй салынды. Ал, биыл 800 үй тұрғызылады. Оның ішінде 59 үй – Ақжар ауданында. Былтыр өңірге 2,2 мың адам немесе 736 отбасы көшіп келді. 2020 жылы тағы 700 отбасыны қабылдаймыз. Шамамен 2 400 адам көшіп келеді, - деді Құмар Ақсақалов.

Басқа өзекті тақырыптар: ҚР қаржы министрі халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Жаңалықтар #СҚО жаңалықтары #қоныс аудару #Құмар Ақсақалов #ауыл үйлері #баспаналар #қоныс аударушылар #имигранттар

Комментарии

Объявления
live comments feed...