• Главная
  • Солтүстікқазақстандықтар өкпені жасанды желдету аппараттарына ақша жинауда
Благотворительная помощь
17:40, 12 июля 2020 г.
Надежный источник

Солтүстікқазақстандықтар өкпені жасанды желдету аппараттарына ақша жинауда

Благотворительная помощь
фото: из открытых источников

фото: из открытых источников

Зекет қоры Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын көмекке шақырады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Өмірге үміт сыйла!

-Құрметті жерлестер! Өздеріңіз білетіндей, қазір коронавирус індетін жұқтырушылар саны күрт өсіп жұқтыру деңгейі арттуда. Мыңдаған отандастарымыз қорқынышты індетпен арпалысып, өмір мен өлім арасында жатыр. Аурухана төсектері толы, біздің азаматтар күн сайын COVID-19  дертінің арқасында өз өмірлерімен  қоштасуда. Қарттар мен жастар қиын жағдайда. Елестетіп көріңізші ... Дәл қазір біреу тұншығып, Алладан ауа демін сұрап дұға етіп жатыр, - дейді қордың өкілі  Мухаммадзахир Мирзаев.

Қайырымдылық қоры өкпені жасанды желдету  аппараттарын сатып алуға ақша жинайды.

-Осындай қиын кезеңде  халқымыз үшін науқастанып жатқан жандардың өмірін сақтап қалу үшін көмек қолын созып сауапты іске ат салысуға шақырамыз. Сіздің көмегіңіз арқылы бір адамның өмірін сақтап, өмірге деген құлшынысын арттырып, үміт сыйлай аласыз. Ақша жинап, біз Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмектесеміз, - деп толықтырды« Зекет »қайырымдылық қорының өкілі Мухаммадзахир Мирзаев.

"Зекет" қайырымдылық қорының СҚО бойынша өкілі: 

Мирзаев Мухаммадзахир 

Kaspi Gold:

4400 4301 8982 5075

Тел: +7 778 422 20 22

ЖСН: 951005351458

Читайте также: Коронавирус в СКО: статистика заболевших и выздоровевших за сутки

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Новости Казахстан #Новости СКО #Новости сегодня #Коронавирус #ИВЛ #КВИ #Благотворительная помощь #Фонд "Закят"

Комментарии

Объявления
live comments feed...