• Главная
  • 26 сәуірден Қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады
QazVac вакцинасы
19:15, 22 апреля 2021 г.
Надежный источник

26 сәуірден Қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады

QazVac вакцинасы
26 сәуірден Қазақстандық QazVac препаратымен вакцинациялау басталады

Бұл туралы премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Препараттың алғашқы партиясы жақын күндері өңірлерге жеткізіледі, деп хабарлайды 7152.kz  тілшісі.

Алғашқы 50 мың доза Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Ақтөбе сынды ірі қалаларға жіберіледі. Вакцинация келесі дүйсенбіде, 26 сәуірде басталады. Мамыр айында қазақстандық QazVac вакцинасының тағы 50 мың дозасы облыстарға таратылады. Алдағы уақытта ай сайын 600 мың доза өндіру жоспарлануда.

- Қазақстандық вакцинаның жасалуы біздің елімізге коронавирустық инфекцияға қарсы өз вакциналарын әзірлеген әлемнің бес елінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Бұл тек халықтың денсаулығы мәселесі ғана емес, бұл отандық ғылымның әлеуеті мен биофармацевтикада заманауи технологияларды практикада қолданудың, мемлекеттің беделінің дәлелі, - деп атап өтті ведомствоаралық комиссияның басшысы, вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі сәуір айының қорытындысы бойынша елімізде 2 млн азаматты вакцинациялау жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Тағы да оқыңыздар: Қазақстанда қазақ әліпбиінің латын графикасы нұсқасына өзгерістер енгізіледі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #Денсаулық сақтау #вакцинация #QazVac вакцинасы

Комментарии

Объявления
live comments feed...