
су тасқыны
17:10, 25 апреля 2021 г.
Облыста Есіл өзенінің көтерілуіне байланысты дауылды ескерту жарияланды
су тасқыны

Өзендегі су деңгейі қауіпті белгіге жақындап келеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Таңертеңгі сағат 8-де Есіл өзеніндегі су деңгейі 982 сантиметрге көтерілді, тағы 22 см-ге көтерілген кезде, 1-ші Заречная көшесі мен Заречный кентінің жолын су басуы мүмкін.
Новоникольское ауылы маңында өзен суының деңгейі 27 см, Долматово ауылы маңында26 см көтерілді.
- Облыстың Иманбұрлық, Аққанбұрлық, Бабықбұрлық, Қамысты, Шарық, Мұққыр, Шағалалы шағын өзендерінде су деңгейінің тұрақты төмендеуі жалғасуда. Бір тәулік ішінде су деңгейі 1-ден 20 см-ге дейін төмендеді.Су Возвышенко ауылы маңында Аққанбұрлық өзенінде көп төмен түскен. Ал Андреевка ауылы маңындағы Шарық өзенінде және Ковыльное ауылы маңында Аққанбұрлық өзенінде ең аз төмендеу байқалады,- деп хабарлады Қазгидромет филиалы.
Сергеев су қоймасындағы су деңгейі тәулігіне 6 см - ге төмендеді . Көлемі 758 млн текше метр. Суды ағызу 215 м3/с жылдамдықпен жүзеге асырылып жатыр. Үлкен Торанғұл көленідегі су деңгейі өзгерген жоқ.
Тағы да оқыңыздар: Облыс әкімі қала тұрғынының үндеуін қолдады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Петропавловске состоялась встреча Клуба женщин - политиков
Клуб женщин - политиков
18:12
Молодежь Кызылжарского района СКО демонстрирует приверженность к спорту
Кызылжарский район
17:21
15:19
ТОП новости
Объявления
live comments feed...
Комментарии