QAZVAC вакцинасы
17:32, 26 апреля 2021 г.
Надежный источник
Облысқа отандық вакцина жеткізілді
QAZVAC вакцинасы
Солтүстік Қазақстанға отандық QAZVAC вакцинасы жеткізілді.Ол 2 компонетті. Біріншісін алған адамдар 21 күннен кейін екіншісін егуі тиіс. Әзірге өңірге 2 мың дана препарат әкелінді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау басқармасының мамандары оны қаланың 4 емханасы мен Мамлют,М.Жұмабаев және Қызылжар аудандары арасында үйлестіріп берді. QAZVAC екпесін Спутник V вакцинасы сияқты жүкті, бала емізіп жүрген әйелдерге, асқынған аурулары бар адамдар мен 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге алуға болмайды.
- Қарсы көрсетілімдер болмаса екпені кез-келген адам қабылдай алады. Бүгін біз екпенің екі түрін де қолданып келеміз. Алдағы уақытта қытайлық препарат та жеткізіледі. Оған қоса, бір-екі күнде Спутник вакцинасының 7 мың дозасы әкелінеді деп күтудеміз. Екпе алуға келген адам вакцинаны таңдай алады,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Құмар Күсемісов.
Бүгінгі күні облыста коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компанентін 21957 адам алса, екінші компанентті 6030 жерлесіміз салдырып үлгерді. Олардың барлығына Спутник V вакцинасы егілді.
Тағы да оқыңыздар: Солтүстік Қазақстанда 300-ден астам мұқтаж отбасыға гуманитарлық көмек көрсетілді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:04
Вчера
17:19
Вчера
16:08
Вчера
15:23
Вчера
14:50
Вчера
ТОП новости
Объявления
15:30, 17 ноября
12:30, 10 ноября
10:08, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии