вакцинация
19:11, 5 мая 2021 г.
Надежный источник
Өңірге БАӘ шығарылған «Hayat-Vax» вакцинасының 13 мың дозасы жеткізілді
вакцинация
Ертеңнен бастап солтүстікқазақстандықтар ресейлік «Спутник V», отандық «QazVac» және араб елінде шығарылған «Hayat-Vax» вакцинасын салдырта алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі
БАӘ өндірілген вакцинаның 13 мың дозасының өңірімізге жеткізілгені туралы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов брифингте айтты.
- Облысқавакцинаның үшінші түрі жеткізілді. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген «Hayat-Vax». Бұл вакцина да екі компонентті. Бүгінгі күні емханаларға таратылып берілді. Ертеңнен бастап емханаларда үш вакцинаның таңдаған түрін салдыртуға болады. Вакцина +2+8 температура жағдайында сақталады. Сертификаты бар, ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген- деді Құмар Күсемісов.
Қазіргі уақытта 1-ші компонентті 44338 адам, екінші компонентті 15 103 жерлесіміз салдырты. Соның ішінде Отандық вакцинамен 815 адам егілді.
Вакцинациядан өту азаматтарға өздерін және жақындарын коронавирус инфекциясынан қорғап қана қоймай, бірқатар артықшылықтар береді. Мәселен, екпе алудың толық курсынан өткен тұрғын шетелге ПТР анықтамасыз бара алады. Сондай-ақ, эпидемиологиялық ахуал нашарлап жатса қызметкерлер қашықтағы жұмыс форматына көшірілмейді.Ковид-19 вирусын жұқтырып алғандармен байланыста болған жандар 14 күндік карантинге жатпайды.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда жылжымалы вакцина салдыру пунктері жұмысын бастайды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
«Разговоры о важном» по-казахски
Обзор казахской прессы
16:59
10:42
13:53
Вчера
19:04
22 ноября
18:26
22 ноября
17:19
22 ноября
ТОП новости
Объявления
15:30, 17 ноября
live comments feed...
Комментарии