• Главная
  • Хабарсыз кеткен ауыл мұғаліміне іздеу жарияланды
іздеу
23:19, 12 мая 2021 г.
Надежный источник

Хабарсыз кеткен ауыл мұғаліміне іздеу жарияланды

іздеу
Хабарсыз кеткен ауыл мұғаліміне іздеу жарияланды

Көкшетауда 32 жастағы  мұғалім жоғалып кетті. Қазір оны туыстары мен полицейлері іздеп жатыр деп хабарлайды 7152.kz тілшісі. 

10 мамырда, сағат 17.17-де Көкшетау полиция бөлімінің кезекші бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғынынан арыз түседі. Ол 32 жастағы ұлы Бақтияр Теміржановтың хабарсыз кеткенін айтады. Әкесінің айтуынша, 7 мамырда таңертең жігіт үйінен шығып, Көкшетауға кеткен.Жақындары содан бері онымен байланысқа шыға алмай отыр.Бахтияр Теміржанов облыстағы ауыл мектептерінің бірінде дене шынықтыу пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол жеке шаруаларымен Көкшетауға келіп, туысына барған, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ер адамның белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арықша келген, шашы қара, көздері қоңыр. Ерекше белгілері: астыңғы ернінің төменгі оң жағында меңі бар. Үстіне сұр түсті джинсы, қою көк түсті күрте, аяғына бауы бар қоңыр туфли киген. Ер адамды табу үшін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Көшелердегі бейнебақылау камералары қаралды, бірақ әзірге одан нәтиже жоқ. Полицейлер Бақтияр Теміржановты көрген-білген адамдардан "102" арнайы желісіне немесе 8 (7162) 29-96-00 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Тағы да оқыңыздар: Оқ тиген қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #іздеу жарияланды #мұғалім жоғалды

Комментарии

Объявления
live comments feed...