• Главная
  • Президент жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды
заң жобасы
11:40, 13 мая 2021 г.
Надежный источник

Президент жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды

заң жобасы
Президент  жерді шетелдіктерге жеке меншікке және жалға беруге тыйым салатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды 7152.kz тілшсі  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін берілген жерлер жалға алу мерзімі біткенше жер иелерінде қала береді. Жалға алу мерзімі 2022-2025 жылдары аяқталады.

Тағы да оқыңыздар: Ораза айт мерекесі басталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #заң жобасы #ҚР Президенті #жер шетелдіктерге сатылмайды

Комментарии

Объявления
live comments feed...