алаяқтық
11:16, 14 мая 2021 г.
Петропавл тұрғынын бірге арақ ішкен танысы 1 млн теңге қарызға батырды
алаяқтық
Петропавл тұрғыны арақ ішемін деп 1 млн теңгеге жем болды. Несиені оның атына телефоны арқылы бөтелкелесі ресімдеген, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық полиция басқармасына білім беру мекемесінде жұмыс істейтін қала тұрғыны арызданған. Оның, айтуынша, демалыс күндері ол бос уақытын көңіл көтеретін орында өткізіп, сонда 26 жастағы қала тұрғынымен танысады. Кейін олар жалға алынған пәтердеспирттік ішімдік ішуді жалғастырған. Жәбірленуші мас болып ұйықтап қалады. Келесі күні оянған кезде атына 999 158 теңге несие алынғанын біледі. Оның телефоны құпия сөзбен қорғалмаған екен. Бөтелкелесі ақшаны мобильді қосымша арқылы ресімдеген. Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден анықтады. Ақшаға ол төрт ұялы телефон сатып алуға жұмсаған.
-Аталған факті «Алаяқтық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті бұрын да сотты болған. Тұрғындарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуге шақырамыз. Бұдан бөлек, мобильді құрылғыға құпия сөз орнату маңызды. Өйткені, бүгінгі таңда ұялы телефон байланыс қана емес, қаржы операцияларын жасау құралы ретінде де пайдаланылады, - дейді Бірінші полиция бөлімшесінің бастығы Тілеген Әлжанов.
Тағы да оқыңыздар: Петропавлда әлеуметтік қызметкер тыл ардагерінің пәтерін алдап алып қойған
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:11
СКО и провинция Шэньси заключили меморандумы и контракт
Сотрудничество
14:06
13:19
12:42
ТОП новости
Объявления
12:30, 10 ноября
15:33, 8 ноября
live comments feed...
Комментарии