• Главная
  • Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары
демография
16:04, 18 мая 2021 г.
Надежный источник

Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары

демография
Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, СҚО-да 542,5 мың адам тұрады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 1587 сәби дүниеге келді: 846 ұл және 741 қыз. Айта кету керек, жаңа туған нәрестелердің 40% - дан астамы Петропавлда тіркелген.

Облыс аудандарының арасында бала туу бойынша Шал ақын ауданы көш бастап тұр, ал Тимирязев ауданында демография көрсеткіші төмен.

Статистикаға сәйкес, өңірде өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары: есепті кезеңде 1958 солтүстікқазақстандық қайтыс болды, яғни 371 адамға көп.

Көз жұмғандардың 20% - ы тыныс алу органдарының ауруларынан, 14% - дан  астамы - қан айналымы жүйесінің ауруларынан, 7,5% -ас қорыту органдарының ауруларынан қайтыс болды.

Солтүстік Қазақстан халқының азаюы - көші-қонмен де  байланысты. Өңірге  1186 адам көшіп келсе, 2076 азамат облыстан қоныс аударды.

Тағы да оқыңыздар: Демалыс лагерьлерінің ашылуы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО халқы #деморгафия

Комментарии

Объявления
live comments feed...