
тонау
16:40, 18 мая 2021 г.
Дүкен тонамақ болған жігіт ұсталды
тонау

Петропавл полицейлері Жұмысшы кентіндегі дүкендердің біріне тонамақ болған жігітті ұстады. Ол - 1992 жылы туған, бұрын істі болған ер адам, деп хабаралйды 7152.kz тілшісі.
Сағат түнгі 11лер шамасында Караван көшесінің бойындағы азық-түлік дүкендерінің біріне маска киген ер адам кіріп, дүкеншіден кассадағы ақшаны талап еткен. Сатушының айтуынша, оның қолында пышақ болыпты. Әйел адам үрейге бой алдырмай, оны сөзге тартуға тырысқан. Дүкенге сатып алушы кірген бетте, ер адам құнды еш нәрсе ала алмай ізін жасырған.
-Караван көшесінде тұратын көршіме бардым, пышақты соның үйінде қалдырып, үйге кеттім. Қазір ақша, сосын бір шөлмек арақ аламын және одан әрі қызметкерлерді тосамын деп ойладым – дейді күдікті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1992 ж.т. бұрын сотталған Петропавл тұрғыны ұсталды. Аталған факті ҚР ҚК 192-бабы, яғни қарақшылық бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Тағы да оқыңыздар: Солтүстік Қазақстанда өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Петропавловске состоялась встреча Клуба женщин - политиков
Клуб женщин - политиков
18:12
Молодежь Кызылжарского района СКО демонстрирует приверженность к спорту
Кызылжарский район
17:21
15:19
ТОП новости
Объявления
live comments feed...
Комментарии