• Главная
  • Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
«Ashyq» жобасы
19:12, 22 мая 2021 г.
Надежный источник

Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

«Ashyq» жобасы
Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдағы Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы №21 қаулысы жарияланды, деп хабаралайды 7152.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Ashyq» жобасын Қазақстан Республикасының барлық өңірінде іске асыру бекітілген.

Атап өтсек еліміздің барлық өңірлеріне мынадай кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыру таратылсын делінген:

- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;

- спа-орталықтары, сауналар, бассейндер;

- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;

- боулинг клубтары, бильярд клубтары, караоке;

- кинотеатрлар, театрлар мен филармониялар, концерт залдары;

- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы - алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;

- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

- ерікті қатысушылар;

- көрмелер, марафондар, океанариум;

- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы, Алматы қаласының әуежайы;

- (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;

- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

Тағы да оқыңыздар: Жас медицина қызметкерлеріне 2,5 млн теңге көтермеақы төленеді

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #«Ashyq» жобасы #жаңа қаулы

Комментарии

Объявления
live comments feed...