коронавирус
10:37, 24 мая 2021 г.
Надежный источник
СҚО тағы да «сары» аймаққа өтті
коронавирус
2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, СҚО тағы да «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өткен тәулікте өңіріміздің 42 тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал, 21 жерлесіміз емделіп шықты. Ел көлемінде вирус жұқтырғандардың саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Бір күнде 398 адамнан коронавирус анықталған. Ал вирус жұқтырудың ең аз дерегі Маңғыстау облысында тіркелді. Мұнда 35 адамнан анықталды.
24 мамырдағы жағдай бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Тағы да оқыңыздар: Қазақстан бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:42
13:53
Вчера
19:04
22 ноября
18:26
22 ноября
17:19
22 ноября
16:08
22 ноября
ТОП новости
Объявления
13:42, 22 ноября
22:39, Вчера
10:08, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии