СҚО ПД
09:34, 26 мая 2021 г.
Надежный источник
Ер адам жүріп келе жатқан көліктен құлап кетіп, мерт болды
СҚО ПД
Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл елді мекенінде ер адам жүріп келе жатқан көліктің есігін ашып, құлап, көз жұмды. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Айыртау ауданы Саумалкөлдегі айналма жолдағы көпірде болған. Қостанай қаласының бірнеше тұрғыны «Toyota RAV 4» көлігімен Көкшетау қаласынан келе жатқан. Рөлде әйел болған, көлік иесі - күйеуі жүріп келе жатқан көліктің есігін ашып, абайсызда құлап кеткен. Зардап шегушіні бірден аудандық орталық ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Болған оқиғаның мән-жайы толық және жан-жақты тергеліп жатыр
-Қаза тапқанның туыстарының айтуынша, ер адамның электронды темекісі түсіп кеткен. Соны аламын деп есікті ашқан сәтте құлап кеткен. Автокөлік жолаушыларынан қауіпсіздік мәселесіне жауапкершілікпен қарауды, қауіпсіздік белбеуін ағытпауды және қозғалыс кезінде есікті ашпауды сұраймыз. Егер есікті ашу қажет болған жағдайда жүргізушіге белгі беріп, көліктің толық тоқтағанын күту керек, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция Марат Серкешев.
Тағы да оқыңыздар: Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуы бойынша 3 жаңа болжамын айтты
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:04
Вчера
17:19
Вчера
16:08
Вчера
15:23
Вчера
14:50
Вчера
ТОП новости
Объявления
live comments feed...
Комментарии