• Главная
  • Бүгінгі таңда қазақстандықтарға вакцинацияның қағаз паспорты берілмейді
вакцинация
14:36, 30 мая 2021 г.
Надежный источник

Бүгінгі таңда қазақстандықтарға вакцинацияның қағаз паспорты берілмейді

вакцинация
Бүгінгі таңда қазақстандықтарға вакцинацияның қағаз паспорты берілмейді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде мәлімдеді, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі inform.kz сілтеме жасап.

Тұрғындар арасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті беретін қағаз паспортты ақшаға сатып алуға болады деген ақпарат таралған болатын.

-Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фирмалық бланкіде қағаз нұсқада ешқандай вакцинация паспортын бермейді. Егер мұндай өзгерістер болса, біз міндетті түрде алдын ала республика бойынша барлық азаматтарға хабарлаймыз. Мұндай мәселе тіпті қарастырылмайды, - деп хабарлады Комитеттен.

Ведомство вакцинацияның жалғыз жарамды паспорты электронды болып табылатынын ескертті. Сондай-ақ Комитетте қазақстандықтарға мұқият болуды және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуін сұрады.

Тағы да оқыңыцздар:500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары # вакцинация # денсаулық сақтау

Комментарии

Объявления
live comments feed...