• Главная
  • Елімізге қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілді
вакцинация
11:00, 1 июня 2021 г.
Надежный источник

Елімізге қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілді

вакцинация
Елімізге қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілді

Қытай Халық Республикасымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша, арнайы бортпен Алматыға «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы келді. Препаратты қытайлық «Sinovac Biotech Ltd» биофармацевтикалық компаниясы шығарған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

 Қытайлық «CoronaVac» вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, келіп түскен вакцинаның партиясы қазақстандық және ресейлік қолда бар вакциналарымен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады. Қазіргі уақытта «CoronaVac» препараты әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады.

«CoronaVac» вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.

Тағы да оқыңыздар: 8 адамды түтіндеген үйден құтқарған Әскери институт офицері ІІМ медалімен марапатталды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вкцинация #«CoronaVac»

Комментарии

Объявления
live comments feed...