оқыс оқиға
18:03, 1 июня 2021 г.
Надежный источник
Бір үйдің екі баласы суға кетті
оқыс оқиға
Шал ақын ауданында отбасымен табиғат аясына барған бір үйдің екі баласы суға кетті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 31 мамыр күні Шал ақын ауданы Мерген ауылының маңында орын алған.Ата-аналарының айтуынша, олар бес баласымен көлшікке сағат 13.00 шамасында келген. Қастарында 11 және 9 жастағы қыз бен ұлы, 2 жастан асқан және биыл туған сәбилер, сондай-ақ асырап алған 2012 жылы туған бала болған. Қазаншұңқырдың жанына келісімен отбасы шатыр құрған. Бір мезет балалардың әке-шешесі үйдің кішісімен палаткаға кіреді. Үш жасөспірімнің бірі су суық деп шомылудан бас тартыпты. Ал 2009 жылғы ұл мен 2011 жылғы қыз көлшікке суға түседі.
-Көлшіктің бір бөлігі терең емес, су тізеден келеді. Екінші бөлігінде тереңдігі 3 метрге дейін жетеді. Палаткадан шыққан ер адам жағадан екі метрдей жерде суда жүзіп жүрген ер баланың денесін көрген. Алып шығып, қызды іздей бастаған. Бірден аудандық полиция бөлімшесіне, құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына балалар оқыған мектептің директоры да жеткен. Қыздың денесін өздіктерінен таба алмағандықтан Петропавлдан құтқарушы-сүңгуірлер отрядын шақыртты, алайда, жергілікті мамандар мен ауыл тұрғындары жасөспірімнің денесін олар келгенше екі метр тереңдіктен өздері алып шықты, - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.
Балалардың мерт болуына не себеп болғаны тексерілетін болады.
-Оқиға орнында болған полицейлер жасөспірімдердің денесінен зорлық белгілерін тапқан жоқ. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтеміз, - дейді Мұрат Қанғожинов.
Тағы да оқыңыздар: Елімізге қытайлық «CoronaVac» вакцинасы жеткізілді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:04
Вчера
17:19
Вчера
16:08
Вчера
15:23
Вчера
14:50
Вчера
ТОП новости
Объявления
12:30, 10 ноября
10:08, 14 ноября
live comments feed...
Комментарии