• Главная
  • Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты
СҚО ТЖД
21:20, 8 июня 2021 г.
Надежный источник

Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты

СҚО ТЖД
Булаев қаласында  тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты

М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 маусым күні болған. Сағат 17.00 шамасында 101 қызметіне Чкалов көшесіндегі 38 үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түседі. Өрт жатын бөлмеден шыққан. Баспананың қабырғаларына, жиһазға зақым келді. Үйіндінің астынан сол үйдің иесі – 1972 жылы туған үй иесінің денесі табылды.  Алдын ала болжам бойынша, керуетте жатып, шылым шегуі мүмкін.

-Бұл үйде 26 мамыр күні де өрт шықты. Салдарынан баспананың және қора-қопсының шатыры жанып кетті. Өрт сол жолы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан еді, - дейді СҚО ТЖД басқармасының басшысы Дмитрий Растихин.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО ТЖД #өрт #үй иесі қаза тапты

Комментарии

Объявления
live comments feed...