• Главная
  • Клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады
шағын несие
11:30, 9 июня 2021 г.
Надежный источник

Клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады

шағын несие
Клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады

Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді. Ол үшін тұтынушылардың мәліметін қашықтан сәйкестендіру тетігі күшейтілді. Яғни, биометрия және аутентификаттау жүйесі арқылы өткізіледі, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президент қабылдауында айтты. Кездесу барысында ол қаржы тұрақтылығын қамту шаралар мен стрестік активтер деңгейін төмендету жөніндегі агенттіктің жоспарын айтты. Соның нәтижесінде былтыр жарты жылда стрестік активтердің көлемі 15,5 пайызға, яғни 2,3 триллион теңгеге дейін азайған. Экономиканы несиелеу көлемі жыл басынан бері 3,3 пайызға артып, 15,1 триллион теңгеге жеткен.

Президенттің тапсырмасы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі сараланып, кепілдік және ипотекалық кредиттер бойынша шекті мөлшер төмендетілді. Жағымсыз несиелік тарихы бар борышкерлердің несиеге қолжетімділігін қалпына келтіру үшін мерзімі өткен несиені өтеген қарыз алушыларды оңалту тетігі қабылданды. Бүгінде 1,4 миллион адам қайтадан қарыз алу құқығына ие болды.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшысына микроқаржылық қызметті лицензиялау аяқталғаны туралы баяндады. Жыл басынан бері 1012 несие беру ұйымы лицензия алған.

Қазіргі кезде шағын несиелерді беру кезінде клиенттердің мәліметтерін қашықтан сәйкестендіру тетігі күшейтілгенін жеткізді. Бұл ретте, міндетті түрде биометрияны тексеру немесе екі факторлы аутентификаттау арқылы өткізіледі. Бұдан былай клиенттерді тексерместен шағын несиелерді беруге тыйым салынады.

Тағы да оқыңыздар: Булаев қаласында тұрғын үй өртеніп, 48 жастағы ер адам қаза тапты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #шағын несие #қаржы

Комментарии

Объявления
live comments feed...