экология
12:00, 27 июня 2021 г.
Надежный источник
Облыста 272 заңсыз қоқыс алаңы анықталды
экология
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының фототүсірілімі нәтижесінде 272 заңсыз қоқыс алаңы анықталды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісіҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО Экология департаментінің бастығы Азамат Бектасовтың айтуынша, 38 жағдайда қоқыс алаңдары берілген аумақтан шығып кеткен. Заңсыз полигондардың жартысына жуығы Қызылжар ауданында анықталды – 104, одан кейін ең көп заңсыз қоқыс алаңдары Петропавл мен Мамлют ауданында табылды.
-Департамент аудандардың және Петропавл қаласы әкімдерінің атына қалдықтарды рұқсатсыз орналастыру учаскелерін жою бойынша жұмысты тезарада бастау қажеттігі туралы хаттар жіберді. Олар атқарылған жұмыс туралы ақпаратты апта сайын ұсынулары тиіс, - дейді Азамат Бектасов. Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы маңындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісіне қатысты экологтар ауыл әкіміне 30 мың теңге мөлшерінде айыппұл салды.
-Бәйтерек ауылының маңында орналасқан қоқыс үйіндісінде қалдықтар жиі жанады. Бұл қоршаған ортаға әсер етеді. Бұл жайында әлеуметтік желілерде де тұрғындар тарапынан жиі шағымдар айтылады. Осыған орай биыл Экология департаменті «СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жоспардан тыс тексеру жүргізді, - дейді департамент басшысы.Тексеру нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылғандығы анықталды.
-Өндіріс және тұтыну қалдықтарын рұқсатсыз орналастыру, мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті жүргізу туралы заңнама талаптарын орындамау – анықталған заң бұзушылықтар бойынша департамент әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдады және оларды жою туралы нұсқама берді, - дейді Бектасов. Экология департаменті СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Бескөл ауылдық округі әкімдігін сотқа беріп, қоршаған ортаға келтірілген залалды тікелей әдіспен өтеу туралы талап-арыз жолдады. Сот департаменттің талап арызын қанағаттандырды, нәтижесінде «СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындай отырып, қоршаған ортаға келтірілген залалды тікелей әдіспен өтеуге міндеттелді. Былтыр өңірде қоқыс төгудің рұқсат етілмеген 583 орны анықталды, тағы 61-інде қоқыс алаңдары белгілі аумақтан шығып кеткен. Атқарылған жұмыс нәтижесінде олардың 87% жойылды.
Тағы да оқыңыздар: Екі адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:51
Вчера
11:45
Вчера
17:15
20 декабря
16:30
20 декабря
15:41
20 декабря
14:05
20 декабря
ТОП новости
С профессиональным праздником поздравили энергетиков в СКО
День энергетика
Объявления
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
live comments feed...
Комментарии