• Главная
  • «Береке» ықшам ауданында 128 пәтерлі үй қолданысқа берілді
жаңа баспана
16:45, 30 июня 2021 г.
Надежный источник

«Береке» ықшам ауданында 128 пәтерлі үй қолданысқа берілді

жаңа баспана
«Береке» ықшам ауданында 128 пәтерлі үй қолданысқа берілді

Бүгін пәтерге кезекте тұрған азаматтар «Береке» шағын ауданында қоныс тойын тойлауда. Көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер, ардагерлер және халықтың әлеуметтік осал топтары 128 көпқабатты үйден баспанаға ие  болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Көптен күткен қоныс тойын 38 көпбалалы отбасы, 33 жетім бала мен ардагерлер атап өтіп жатыр. Сондай-ақ, 55 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне берілді. Жерлестеріміздің қуанышына өңір басшысы да ортақтасты.

-Жыл сайын тұрғын үй салуға бөлінетін қаржы өсуде. 2020 жылы бұл салаға 17 миллиард теңге бөлінсе, биыл 28 миллиард теңгеге жетті. Бүгінде Петропавлда 46 көппәтерлі үй салынуда. Оның 18-і жеке коммерциялық үйлер. Жыл соңына дейін 28 үйді пайдалануға береміз. Нәтижесінде 3,5 мың пәтер салынады. 12 мың солтүстікқазақстандық қоныс тойын тойлайды, -деген жазба қалдырды өңір басшысы.

Сонымен қатар, Құмар Іргебайұыл «Береке» ықшам ауданы қарқынды дамып келе жатқанын да айтты. Мұнда қазір 6 үй салынып жатыр. Оның үшеуі жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Емхана да, жаңа мектеп те салынады.

- Осы ықшам ауданда 217 тұрақты жұмыс орны ашылатынмайлы дақылдар өңдейтін зауыттың құрылысы басталды. CLAAS ауылшаруашылық техникасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, ал қазір компания жұмысшылар іздеуде. Жаңа өндірістердің арқасында шағын аудан тұрғындары өз үйінің жанында жұмыс табуға мүмкіндік алды,- деп жазды обыс әкімі әлеуметтік желіде.

Тағы да оқыңыздар:Індетпен күрескен студенттерге арналған фото көрме ұйымдастырылды

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #СҚО әкімдігі #жаңа үй

Комментарии

Объявления
live comments feed...