вакцинация
18:40, 13 июля 2021 г.
Надежный источник
Облыс әкімі: ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жалғыз амалы -вакцинация
вакцинация
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы облыстық әкімдікте өткен отырыста коронавирусқа қарсы вакциналау мәселесіне тоқталып, өңір тұрғындарын екпе алуға шақырды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, екпе алуға жарамды облыс тұрғындарының 52% коронавирусқа қарсы вакцина алып үлгерген. Яғни 165 мың адам екпенің 1-ші компонентін алған.
-Ауылшаруашылық тауар өндірушілері, мекеме басшылары аталмыш жұмысты өз бақылауларыңызға алуды сұраймын. Ұжымдық вакцинациядан өту керек. Әрине ешкімді де мәжібүрлемейміз. Бірақ, бұл қорғанудың, ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жалғыз амалы екенін түсінуіміз керек, - деді Құмар Ақсақалов.
Сондай-ақ, облыс әкімі вакцинация барысында кәсіпорын басшыларының жеке қатысуы маңызды екенін, онсыз халықты иммундау қиын болатынын атап өтті.
Тағы да оқыңыздар: Вакцинациядан бас тартқан қызметкер жұмыстан шығарылмайды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Партия «Ауыл» содействует в трудоустройстве молодежи СКО
Трудоустройство
18:46
Вчера
18:05
Вчера
17:24
Вчера
15:53
Вчера
12:08
Вчера
Уличные зоны обслуживания появятся на улице Конституции Казахстана после реконструкции
Благоустройство
11:12
Вчера
ТОП новости
В Петропавловске студент колледжа рассказал, почему выбрал профессию строителя
Год рабочих профессий
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии