вакцинация
10:10, 14 июля 2021 г.
Надежный источник
15 шілдеден бастап қызметкерлер мен жұмыс берушілердің вакцинация мәртебесі тексерілмейді
вакцинация
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеден кейін ШОБ қызметкерлерінің вакцинация мәртебесі тексерілмейтінін мәлім етті деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Шілде айының басында еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, бірқатар компания мен ұйымдардың қызметкерлері үшін міндетті вакцинация талабы енгізілген. Осы ретте қызметкерлер вакцинаның бірінші компонентін 15 шілдеге дейін, ал екіншісін 15 тамызға дейін алуы тиіс болған. Бұл ереже кейінгі үш айда коронавируспен ауырғандарға және медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға қатысы жоқ. 12 шілдеде COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 19 шілдеге дейін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациясын мерзімін қайта қарауды тапсырғаны белгілі болды. Осыған байланысты кәсіпкерлер қай күннен бастап шағын және орта бизнес нысандарында қызметкерлердің вакцинация мәртебесін тексере бастайтыны туралы сауал қойды.
Ведомствоның мәліметінше, 15 шілдеден бастап қызметкерлер мен жұмыс берушілердің вакцинация мәртебесі тексерілмейді.
-19 шілдеден кейін қызмет көрсету саласы үшін вакцинация мерзімін ұзартудың жаңа алгоритмі белгілі болады. Кеше ВАК міндетті вакцинация мерзімін ұзарту мәселесін қайта қарау туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік органдар мәселені қарайды және қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін ұсыныстарын айтады. 15 шілдеден бастап вакцина мәртебесі тексерілмейді, - дейді Ержан Байтанаев.
Тағы да оқыңыздар: Облыс әкімі: ұжымдық иммунитет қалыптастырудың жалғыз амалы -вакцинация
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Партия «Ауыл» содействует в трудоустройстве молодежи СКО
Трудоустройство
18:46
Вчера
18:05
Вчера
17:24
Вчера
15:53
Вчера
12:08
Вчера
Уличные зоны обслуживания появятся на улице Конституции Казахстана после реконструкции
Благоустройство
11:12
Вчера
ТОП новости
В Петропавловске студент колледжа рассказал, почему выбрал профессию строителя
Год рабочих профессий
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии