КАРАНТИН
17:53, 4 августа 2021 г.
Надежный источник
Аshyq-қа қосылмаған нысандар сенбі-жексенбі жұмыс істей алмайды
КАРАНТИН
Өңірде бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Аshyq-қа қосылмаған көптеген нысан сенбі-жексенбі жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес карантиндік шектеулер күшейтілді:
- сенбі-жексенбі күндері сауда орталықтары мен сауда үйлері (оның ішіндегі азық-түлік сататын нысандар мен дәріханаларды есептемегенде), жабық азық-түліктік емес базарлар, сауна, СПА орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорт-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтар жұмыс істемейді.
Аshyq қосымшасы бар сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, азық-түлік сатпайтын жабық базарлар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, спорт нысандары адам санын 30-дан асырмай, СПА-орталықтар, бассейндер, спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес орталықтары шектеусіз жұмыс істейді;
- Аshyq қосымшасын енгізбеген мәдениет нысандарының, театрлардың, кинотеатрлар мен концерт залдарының, филармонияның жұмысы тоқтатылады. Жобаға қосылғандар толымдылықты 30% асырмаулары қажет;
- аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қысқартылды және толымдылығы 50% аспауы керек;
- Аshyq қосымшасына қосылмаған халыққа қызмет көрсету нысандары 80% толымдылықпен, жобаға қосылғандар шектеусіз жұмыс істейді;
- медицина орталықтары, стоматология кабинеттері алдын ала жазылу бойынша қабылдайды;
- Аshyq жобасына қосылмаған спорт нысандары көрерменнің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізе алмайды. Жүйегі қосылғандар көрермен санын 20% асырмаулары керек;
- балабақшаларда бала саны 15 адамнан аспайтын кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Түрлі білім беру орталықтары адам санын 15-тен асырмай, алдын ала жазылу бойынша қызмет етеді;
- қоғамдық тамақтану орындарының, жазғы алаңдардың жұмыс уақыты шектелген, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және толымдылықты 50% және 30 орыннан асырмай, ал Аshyq жүйесіне қосылғандар орын санын 50-ден асырмай сағат 2.00-ге дейін жұмыс істемек;
- асханалардың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін шектелді. Аshyq жобасына қосылған жағдайда тәулік бойы жұмыс істей алады;
- жүйелі түрде жүретін қалааралық-облысаралық автобустар Аshyq жобасына қосылған жағдайда шектеусіз жұмыс істейді. Ал Аshyq жүйесін енгізген қалалық, облысаралық туристік автобустар жолаушы санын 15-тен және толымдылықты 75% асырмай жүре алады
.- мекемелер мен ұйымдарда қызметкерлердің 80% кем емес саны қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі. Қызметкерлер вакцина алған жағдайда пайыздық қатынасты сақтамауға болады. Ал толық вакцинациядан өткен қызметкерлер және соңғы үш айдың ішінде COVID-19-бен ауырып тұрғандар штаттық режимде жұмыс істей береді;
- сұлулық салондары мен шаштараздар сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша келушілерді қабылдайды.
Тағы да оқыңыздар:Облыс шаруашылықтарында зиянкес шабындық көбелегі көбейді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:35
В СКО проводят аэрацию водоемов
Аэрация
10:26
09:11
В СКО в 2024 году постоянной работой были обеспечены более 4,5 сотен людей с инвалидностью
Трудоустройство
18:12
Вчера
16:31
Вчера
15:44
Вчера
Объявления
15:42, 23 января
19:20, 24 января
15:51, 28 января
45
live comments feed...
Комментарии