БІЛІМ БЕРУ
12:10, 11 августа 2021 г.
Надежный источник
1-ші сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады
БІЛІМ БЕРУ
1 қыркүйекте мектептерде салтанатты шаралар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-1 қыркүйекте болатын Білім күні салтанатты іс-шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал 2 мен 11-сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттарына қатысатын болады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Қызметкерлер мен білім алушыларға маска кию міндетті. Студенттер, педагогтар мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа «Ashyq» жүйесі арқылы кіргізіледі.
-Жаңа оқу жылында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау үшін арнайы санитарлық іс-шаралар қабылданады. Барлық мектептер, колледждер мен университеттердегі қызметкерлер мен білім алушыларға маска киюге міндетті болады. Барлық білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекциялау іс-шаралары жүргізілетін болады, - деді министр.
Тағы да оқыңыздар: Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға келді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:19
12:54
11:42
ТОП новости
Горку в селе Бесколь Кызылжарского района североказахстанцы называют самой длинной в регионе
Новый год
Рабочие профессии - основа экономики СКО
Профессии
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии