COVID-2019
22:05, 13 августа 2021 г.
Надежный источник
Тамыз айында мектеп жасындағы 128 бала коронавирус жұқтырды
COVID-2019
Облыста коронавирус жұқтырған бала саны маусым айына қарағанда шілдеде 8,5 есе өскен. Бұл туралы СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстағы коронавирустың таралуы бойынша брифингте мәлім болды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Мамандар бұл инфекцияны балалардың да көптеп жұқтырып жатқанын айтты. Жалпы індет басталғалы 839 бала ауырса, биылғы маусымға қарағанда шілде айында жұқтырғандар саны 8,5 есе артқан. Сондай-ақ стационарларға ауырып түсетін балалар саны 4 есе көбейген.
-Осы уақытқа дейін 621 бала тәуір болды. Қазір 218 бала дәрігерлердің бақылауында. Олардың 22-сі стационарда ем алып жатыр, жағдайлары орташа. Бұрын балаларда коронавирустың белгілері көбінесе болмайтын немесе жеңіл өтетін. Қазір олардың да дене қызуы көтеріледі, өкпелері қабынып, демалулары қиындап, бізге интоксикациямен түседі, - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.
Маманның айтуынша, облыс бойынша қазір 196 бала амбулаторлық ем алып жатыр. Тамыз айында мектеп оқушылары арасында 128 жағдай тіркеліп отыр.
Тағы да оқыңыздар: Қытайлық Vero Cell препаратымен вакциналауға қатысты жаңа қаулы шықты
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:00
Вчера
18:19
6 января
15:52
6 января
14:21
6 января
13:00
6 января
ТОП новости
live comments feed...
Комментарии