• Главная
  • 28 тамыздан бастап елде карантин талаптары жеңілдетіледі
COVID-20019
10:35, 25 августа 2021 г.
Надежный источник

28 тамыздан бастап елде карантин талаптары жеңілдетіледі

COVID-20019
28 тамыздан бастап елде карантин талаптары жеңілдетіледі

Бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімдерді мақұлдады,деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

28 тамыздан бастап  «АSHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары – «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

2. 30 тамыздан бастап жұмыс күндері: «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары тамыздың соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді: медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау; санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

Тағы да оқыңыздар: Қызылжар ауданында 500 тауық, 50 торай тірідей жанып кетті

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#карантин

Комментарии

Объявления
live comments feed...