САЛАУАТТЫ ӨМІР
16:00, 25 августа 2021 г.
Надежный источник
Ішімдіктен бас тартқан ауыл
САЛАУАТТЫ ӨМІР
Тайынша ауданы Теңдік ауылында арақ-шарап сатылмайды. Тұрғындары да осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын спирттік ішімдіктерден түбегейлі бас тартқан, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап.
Теңдік ауылында 400-ге тарта тұрғын бар. Арақ атаулыдан бас тарту жөніндегі бастаманы бірінші болып ел ағасы, қажы Орынбай Әлжанов көтерген. Көпшілік сыйлы азаматты бірден қолдай кеткен. Басқа ауылдардың тоз-тозы шығып, тұрғындары қалаға қарай көшіп жатқанда Теңдікте шаруа қожалығын ашып, халықты жұмыспен қамтыған да осы ақсақал.
-2003 жылы Әбсаттар қажы үндеу тастады. 30 күн оразада ішілмесін деді. Енді соны біржола тастайық, қайтеміз оны, 30 күннен кейін қайыра ішіп. Содан бастап «арақ ішілмейді» деп халыққа жариялап, келген меймандарға арақ қоймайтын болдық- дейді Теңдік ауылының тұрғыны Орынбай Әлжанов.
Орынбай қажы мешітті де өз қаражатына салдырған. Ауылда қымызхана жұмыс істеп тұр. Ұлттық сусынға сұраныс жоғары. Облыс орталығынан шалғайда орналасқан ауылда екі дүкен бар. Екеуінде де шырыннан басқа сусын сатылмайды. Той-томалақ та арақсыз өтеді.
Тағы да оқыңыздар: 28 тамыздан бастап елде карантин талаптары жеңілдетіледі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Трагедия и фарс соседствуют в жизни казахстанцев
Обзор казахской прессы
17:34
13:51
Вчера
11:45
Вчера
17:15
20 декабря
16:30
20 декабря
15:41
20 декабря
ТОП новости
Объявления
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
live comments feed...
Комментарии