• Главная
  • Мектептерде оқу штаттық режимде болады
БІЛІМ БЕРУ
10:37, 26 августа 2021 г.
Надежный источник

Мектептерде оқу штаттық режимде болады

БІЛІМ БЕРУ
Мектептерде оқу штаттық режимде болады

ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты. 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін деген қаулыда, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Сондай-ақ, барлық әкімдерге, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:

- педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);

- ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);

- маска режимін сақтау;

- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; -

үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;

- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;

- педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);

- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;

- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мазмұнымен мына жерден танысуға болады.

Тағы да оқыңыздар: Ішімдіктен бас тартқан ауыл

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #білім беру #қашықтан оқу#жаңа қаулы

Комментарии

Объявления
live comments feed...