АЗА ТҰТУ КҮНІ
12:57, 28 августа 2021 г.
Надежный источник
Президент 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
АЗА ТҰТУ КҮНІ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
-Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады-, деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.
Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы Президент Өкімі шықты.
Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Соңғы мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 12 адам қаза тапқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше оқиғаға байланысты шұғыл жиналыс өткізді, оның қорытындысы бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылды, Оның Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады.
Тағы да оқыңыздар: Ақжар ауданында ауыл тұрғыны ірі қарадан күйдіргі жұқтырды
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:19
12:54
11:42
Особенности работы в Казахстане: адаптация к новым условиям
Новости компаний
11:00
Рабочие профессии в тренде: в СКО дан старт масштабному проекту
Год рабочих профессий
10:25
ТОП новости
Горку в селе Бесколь Кызылжарского района североказахстанцы называют самой длинной в регионе
Новый год
Рабочие профессии - основа экономики СКО
Профессии
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии