АЗЫҚ - ТҮЛІК
10:20, 17 сентября 2021 г.
Надежный источник
Облыстың тұрақтандыру қорында 3 мың тоннадан астам өнім бар
АЗЫҚ - ТҮЛІК
Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорынан ірі көлемде қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн, макарон өнімдері, қант, тұз, құс еті мен көкөністер сатылуда. 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 12 түрі 26 сауда желілерінде және базарлардағы тұрақтандыру қорының сауда орындарында сатылып жатыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Азық-түлік өнімдерінің барлығы дерлік жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынды. Қордың жұмысы туралы ақпарат «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында жарияланды.
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исаевтың айтуынша, 2022 жылға 5 мың тоннадан астам өнім сатып алынған. Тағы 3 мың 935 тонна сатып алу жоспарда бар. Сауда желілерінің, көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен және кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету туралы 619 меморандумға қол қойылды. Осыған қарамастан, өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы мемлекеттік органдар тарапынан бағаны негізсіз көтеретін нарық субъектілеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ тамақ өнімдеріне шекті бағаларды белгілеуді ұсынды.
Қоғамдық кеңесте төрт түлікті жемазықпен қамтамасыз ету мәселесі де қозғалды. Қазір облыста шамамен 390 мың ірі қара мал, 430 мың қой-ешкі және 134 мың жылқы бар. Мал қыстап шығуы үшін 850 мың тонна шөп дайындау қажет.
- Осы уақытқа дейін облыс бойынша 833 мың тонна шөп дайындалды, бұл қажеттіліктің 98 %-ы. Бұдан басқа жеткілікті деңгейден артық - 197,9 мың тонна пішендеме, 106,7 мың тонна сүрлем - қажеттілік 194 мың тонна және 242,3 мың тонна сабан – қажеттілік 784 мың тонна дайындалды. Жеке қосалқы шаруашылықтар үшін 498,3 мың тонна шөп әзірленді, бұл қажеттіліктің 97,7% құрайды. Облыс бойынша 122 мың жеке тұрғын үй бар, оның жартысы мал ұстайды. Бұл тұрғындар 98 % шөппен қамтамасыз етілген, - дейді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.
Тағы да оқыңыздар:Ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 854 742-ге жетіп отыр
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:19
12:54
11:42
Рабочие профессии в тренде: в СКО дан старт масштабному проекту
Год рабочих профессий
10:25
20:04
Вчера
ТОП новости
Горку в селе Бесколь Кызылжарского района североказахстанцы называют самой длинной в регионе
Новый год
Рабочие профессии - основа экономики СКО
Профессии
Объявления
15:16, 9 января
live comments feed...
Комментарии