18:52
Вчера
Петропавлда 1 қазан күні зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Дәстүрлі қайырымдылық шарасы биыл да жалғасын тапты. 1 қазан - Қарттар күніне орай облыс орталығында зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ол үшін кондукторға зейнеткер куәлігін көрсету жеткілікті. Петропавлда қазіргі уақытта 44,5 мың зейнеткер бар. Олардың жасы 80-нен асқандары қалалық әкімдіктің шешімімен автобустарда тегін жүре алады.
Тағы да оқыңыздар: 12 ауыл баласы «Елбасы медалі» иегері атанды
Комментарии