ЗАҢ ЖОБАСЫ
10:00, 9 октября 2021 г.
Надежный источник
Ит, мысық, тотықұс, тышқандардың етін,майын пайдалануға, жеуге заң бойынша тыйым салынбақ
ЗАҢ ЖОБАСЫ
Елімізде ит, мысық пен тышқанның етін жеуге заң бойынша тыйым салынбақ, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Жануардың өліміне әкеліп соққан жағдайлар үшін қатаң жауапкершілік жүктеледі. Кінәлі тұлғаға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Қылмысты екі қайтара жасағандар 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазір елде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы Ппрламентте қаралып жатыр. Ұсынылған заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз жағдайларға тосқауыл қояды. Мұндайға иттердің төбелесін өткізу, анестезиясыз ветеринарлық операция жасау, әлсірету және уақытылы көмек көрсетпеу, қатыгездікпен өлтіру сынды әрекеттер кіреді. Сондай-ақ ит, мысық, тотықұс және тышқандардың еті мен майын пайдалануға, жеуге алғаш рет заң бойынша тыйым салынбақ.
-Қылмыстық кодекстің жануарлардың өліміне байланысты санкциялар 200 АЕК дейін және 50 тәулікке дейін қамауға алуға күшейтілді. Және 2 немесе одан да көп қылмыс жасағандар БАҚ-та қолдана отырып, бұл әрекетті бірнеше рет жасаған кезде 1000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған және 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев.
Тағы да оқыңыздар:53 адам маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:14
19:14
Вчера
ТОП новости
Объявления
11:01, 23 декабря
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
12:38, 20 декабря
live comments feed...
Комментарии