ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК
12:30, 11 октября 2021 г.
Надежный источник
Жыл басынан 468 жер учаскесі иеліктен шығарылды
ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК
Петропавлда жыл басынан бері мемлекет қажеттілігі үшін 468 жер учаскесі мен жылжымайтын мүлік иеліктен шығарылды. 2021 жылы барлығы 700 үйді бұзу жоспарланған, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Петропавлдағы жеке сектордағы үйлерді бұзу мәелесі шаһар басшысының жеке бақылауында. Әкімдіктегі кезекті аппараттық кеңеске де осы тақырып арқау болды. Айта кету керек, бұзылған үй иелерінің 90% - дан астамы жайлы пәтерлерді таңдаған. Осылайша тұрғын үй жағдайын 423 отбасы жақсартты.
-Көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы үшін «Жас өркен» шағын ауданының Горький-Алтынсарин-Позолотин, Горький-Исмайлов-Алтынсарин көшелері шекарасында, «Орталық» шағын ауданының Брусиловский-Астана, «Копай» ықшам ауданының Жұмабаев- Крепостная көшелері шекарасында учаскелерді алу жөніндегі жұмыстар аяқталуға жақын,- делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Бұл жұмыстар 2022 жылы да жалғасын табады.
Тағы да оқыңыздар:Алдағы күндері солтүстікте қар жауып, көктайғақ болады
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:14
19:14
Вчера
ТОП новости
Объявления
12:38, 20 декабря
11:01, 23 декабря
12:38, 20 декабря
live comments feed...
Комментарии