18:56

Өңірде өткен тәулікте 8 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Өткен тәулікте СҚО-да 136 адам коронавирус жұқтырған. Қазіргі уақытта 2607 адам дәрігерлердің бақылауында. Олардың 706-сы инфекциялық стационарда жатыр. Жансақтау бөлімінде 115 орын болса, оның 51-і бос емес. Коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты инфекциялық орындардың саны қайта көбейтілді. Бүгінде 1600 орынның 44 %-ы жүктелген. Ал, СҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар саны 248-ге жетті. Пандемия басталғалы кезекті антирекорд орнады, өткен тәулікте 8 адам қауіпті инфекциядан көз жұмды.
Тағы да оқыңыздар: 3 көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Комментарии