• Главная
  • Министр елімізде ревакцинация қашан өтетінін айтты
ВАКЦИНАЦИЯ
09:19, 14 октября 2021 г.
Надежный источник

Министр елімізде ревакцинация қашан өтетінін айтты

ВАКЦИНАЦИЯ
Министр елімізде ревакцинация қашан өтетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында коронавирусқа қарсы қайта вакциналаудың схемасын жария етті, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

Бұл методиканы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа қарастыруға берген. Министрдің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау тәсілдерін Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі консультативтік комиссиямен бірлесіп жасаған. Министр ревакцинация үшін вакцинаның 1 дозасы қолданылатынын айта кетті. Оның сөзінше, вакцинацияның толық курсынан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады.

Бұл ретте вакцина салдырған қазақстандықтар бірнеше топқа бөлінеді. Векторлық (Спутник V) вакцинаны салдырғандар тоғыз айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қосымша салдыра алады;

инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналарын салдырғандарға алты айдан кейін векторлық (Спутник V) немесе м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын қайта алуға болады;

м-РНҚ (Pfizer) вакцинасын алғандар алты айдан кейін инактивтелген (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник V) вакцинасын қайта салдыра алады;

вакциналау курсы аяқталғаннан кейін коронавируспен ауырғандар жазылғанына үш айдан соң қайта вакцина салдыра алады.

Қазақстанда ревакцинациялау 2021 жылдың қараша айының үшінші онкүндігінде басталады деп жоспарланып отыр. Цойдың сөзінше, коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салдыратындар қатарына: қауіп тобындағылар (медицина қызметкерлері, педагогтер, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; зерттеуден өз бетінше өткен және коронавирусқа қарсы антиденелерге тест теріс нәтижесі болған адамдар жатады.

Тағы да оқыңыздар: Полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
##СҚО жаңалықтары #Петропавл жаңалықтары #вакцинация #COVID-2019#ревакцинация

Комментарии

Объявления
live comments feed...